1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №89 ()16275) 7 қараша, сейсенбі 2017
7 қараша 2017
Егеубаевтың бостандығы екі жылға шектелді

Астананың Сарыарқа аудандық №2 сотында белсенді Айдын Егеубаевқа қарсы шағым бойынша сот үкімі шықты. Судья Болат Пазылов Егеубаевты «кәсіпкер Нұрлан Биялдиловтің абыройы мен қадір-қасиетін қаралайтын және «Бәтуа» компаниясының іскерлік беделіне нұқсан келтіретін жала жабу сипатындағы мәлімет таратты» деп айыптап, бас еркіндігін екі жылға шектеуге және 100 мың теңге моральдық өтемақы төлеуге үкім кесті. Судья 87 миллион теңгеден астам материалдық шығын өндіріп беру туралы азаматтық шағымды қарамай тастады. Үкім оқылған кезде сот залында отырған Егеубаевтың туыстары мен жақтастары «Масқара!» деген сөздер айтқан. Егеубаев пен оның адвокаты сот үкіміне шағымданбақ. Егеубаев былтырғы жер дауында «қытайлықтардың Қазақстан жерін сатып алғаны» туралы дерек таратып, оның соңы бірнеше сотта дау болған. Осы істің алдында белсенді Айдын Егеубаевты Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі, қазіргі Ақтөбе облысының басшысы Бердібек Сапарбаев та сотқа беріп, 100 мың теңге айыппұлға жеңіп кеткен.
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар