1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №89 ()16275) 7 қараша, сейсенбі 2017
7 қараша 2017
Кедейдің азық-түлік себеті өзгереді

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап азық-түлік себетінің құрылымы өзгереді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпованың сөзінше, 1 қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері 24 459 теңгеден 28 284 теңгеге (15,6 пайыз) ұлғаяды. Жақыпова келесі жылы ең төменгі күнкөрісті құрайтын азық-түлік себетінде азық-түлік бұрынғы 60 пайыздан 55 пайызға азайтылып, азық-түлік емес тауарлар 40 пайыздан 45 пайызға көбейтілетінін айтады.
«Ресми статистика бойынша, халықтың тұтыну құрылымы өзгерген. Халықтың азық-түлік емес тауарлар мен қызмет көрсетуге жұмсайтын шығыны 45 пайызды құрағандықтан, азық-түлік себетінің құрылымын өзгертуге шешім қабылданды. Осылайша себеттің өзгеруінен ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері 16 пайызға ұлғайып отыр. 33 жыл еңбек өтілі бар зейнеткерлер 28 284 теңге алады», – деді ол.
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар