1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №88 (16274) 2 қараша, бейсенбі 2017
2 қараша 2017
«Астана-Павлодар тас жолының аяқталатынына күмәнім бар»

«Сіз бұған дейін «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Астана-Павлодар тас жолын бітіреміз» деп уәде бергенсіз. Алайда бір апта бұрын осы жолмен жүріп өттім. Бұл тас жолдың құрылысы 2018 жылы аяқталады дегенге күдігім бар. Осы жобаға жұмсалған қаражат не болды? Астана-Павлодар тас жолының құрылысы қашан аяқталады?» – деп мәжіліс депутаты Е.Барлыбаев министр Ж.Қасымбекке сауал жолдады.
«Биыл Астана-Павлодар тас жолының 230 шақырымы ашылып, қосымша 100 шақырым жол пайдалануға беріледі. Алайда үш участок бойынша проблемалар бар. Бұл үш участокта осыған дейін ирандық «Дэна» компаниясы жұмыс істеген. Алайда 2015-2016 жылдары теңге бағамының өзгеруіне байланысты аталған компанияда проблемалар туындады», – дейді бұл жөнінде инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек.
Министрлік осыдан кейін аталған компания¬мен Павлодар облысындағы үш участок және Оңтүстік Қазақстан облысындағы бір участокта тас жолдың құрылысын жүргізу бойынша жасалған келісімшартты бұзған.
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар