1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №88 (16274) 2 қараша, бейсенбі 2017
2 қараша 2017
Төлешовті тағы соттады

Шымкенттің Еңбекші аудандық соты бизнесмен Тоқтар Төлешовті «экономикалық қыл¬мыс¬тар жасады» деп айыптап, бес жылға соттады. Судья Мырзалы Жорабаев «Шымкент сыра» зауытының бұрынғы басшысы Төлешовті «Ұйымдарға салынатын салықты және (немесе) бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуден жалтару», «Өкілеттігін теріс мақсатта пайдалану» бойынша айыпты деп танып, бес жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Судья Төлешовтің бұл бес жылын бұған дейін сотталған жазасына кіріктіріп жіберуге, яғни алғашқы қылмысы бойынша кесілген 21 жылға қосып, соның ішінде өтеуге үкім кесті.
Төлешов сотта өзіне тағылған айыпты мо¬йын¬дамайтынын мәлімдеп, үкімге апелля¬циялық шағым беретінін айтты.
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар