1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №83 (16269) 17 қазан, сейсенбі 2017
17 қазан 2017
Қазақстан Қытайға газ экспорттауды бастады

Қазақстандық газды «Бейнеу–Бозой–Шымкент» газ магистралы арқылы «Орталық Азия–Қытай» трансұлттық газ құбырына жіберу басталды. «Қазақстандық газдың Қытай нарығына шығарылуы еуразиялық өңір елдерінің арасындағы сауда және көлік байланыстарын реттеуге, ортақ инфрақұрылым құруға бағытталған өзара тиімді қарым-қатынастар орнатуға ықпал ететін болады», – деді «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының газ тасымалдау және маркетинг жөніндегі вице-президенті Қайрат Шәріпбаев. Бұған дейін Қазақстан мен Қытайдың арасында 5 млрд текше метр қазақстандық газды экспорттау туралы тарихи келісімшартқа қол қойылған болатын.
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (1)
Түңілген | 17 қазан 2017 13:33
Өзімізге өзіміздің газды бұйыртпай отырған Назарбаевқа дауа болмас. Астанаға, Көкшетауға, Қарағандыға, Жезқазғанға басқа да ірілі-уақты қалалар мен елді мекендерге қашан келеді бұл газ?! Өзіңде бар газбен өзіңді қамтамасыз ете алмай отырып, ЭКСПО өткізгенің неткенің?! Ал ендеше, көмір жағып, бұрқырата бер қара түтініңді ЭКСПО-городогыңның фонында.
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар