1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш 1 қаңтар, бейсенбі 1970
19 қыркүйек 2017
Студенттердің пікірімен ешкім санаспайды

Ақтөбеге президент келеді деп, «Ақтөбе – құтты мекен» форумына жаппай дайындық жүруде. Президент алдынан жалаулатып, алаулатып шығатын студенттер мен оқушылар екі аптаға сабақтарынан босатылып, күн сайын екі мезгіл үш сағат бойына стадион ішінде дайындық өткізеді.
«Біздің пікірімізбен ешкім санаспайды. Қарсы шықсақ, сабақпен қорқытады. Біздің әке-шешеміз оқуға ақша төлеп отыр. Ақылы бөлімде оқитын студенттерді сабақтан босатып, ешқандай пайдасы жоқ шараларға қатысуға міндеттейді. Екі сағаттың ішінде өтіп кететін шара үшін екі аптаға сабақтан босатты. Күннің астында иіріліп отырамыз. Шаршадық. Біздің білім алғымыз келеді», – дейді ақтөбелік студенттер. Бірақ оған құлақ асқан шенеуніктер жоқ. Сөйтіп, демалыс күні дайындыққа шықпауды сұрағандардың өтініші стадионда ұстаздардың сөз естуімен аяқталды.
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар