1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №27(16213) 6 сәуір, бейсенбі 2017
6 сәуір 2017
Жер сілкінісі тағы қайталана ма?

4 сәуір күні Астана уақытымен сағат 21:07-де Шығыс Қазақстан облысы аумағында жер сілкінді. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан 732 шақырым, Зайсан көлінен 38 шақырым қашықтықта болды. Зілзаланың қуаты – 6,3 балл. Айта кететін бір нәрсе, өткен жылдың желтоқсан айында да бұл аймақта жер сілкініп, оның магнитудасы 6,2 балл шамасында болған.
«Қазіргі уақытта негативті фаза өтті, қуатты жел сілкінісі болмауы керек. Жер сілкінісі бола салысымен, біз 15 минут ішінде ШҚО әкімі Даниал Ахметов және ТЖД қызметкерлеріне ақпараттық хат жолдадық», – дейді сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық орталығының басқарма төрағасы Әнуар Боранбаев. Қазіргі уақытта арнайы жедел топ құрылды. 15-20 күн ішінде болған оқиғаның толық мәліметі анықталады.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар