1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
“Мен әлемнiң 141 елiн аралаған адаммын. Солардың iшiнде өз мемлекетiнде өз тiлiнде өмiр сүре алмай отырған бейшара халықты көрдiм. Ол – қазақтар”
Автор: Италияның қазiргi заманғы кәсiпкерi, жиһанкез Реналью Гаспирин
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №4 (16190) 17 қаңтар, сейсенбі 2017
17 қаңтар 2017
Ұшқыштар iшiп алыпты

“Қазақ Эйр” АҚ-ның Атырау – Ақтөбе – Шымкент рейсi экипажы бiр ұшқыштың мас болуына байланысты ұшудан аластатылды деп хабарлады Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлiгiнiң баспасөз қызметiнен.
Министрлiк сайтында жарияланған хабарға қарағанда, Инвестициялар және даму министрлiгi бекiтiлген заңнамалық тәртiп бойынша авиациялық персоналға рұқсат беру ережесiн бұзғаны үшiн әуе компаниясы басшылығына әкiмшiлiк шара қолданылатын болады.
Атырау Халықаралық әуежайының ақпараты бойынша, 15.01.2017 күнi жергiлiктi уақытпен сағат 17:37-де Атырау – Ақтөбе – Шымкент бағыты бойынша рейстi орындайтын әуе кемесiнiң командирi Муноз бен екiншi ұшқыш Эспедоны ұшар алдындағы медициналық тексеруден өткiзу кезiнде кезекшi дәрiгер Муноздан қан қысымының жоғары екенiн (173/110), жүрек қағысының жылдамдығын (109), аузынан алкогольдiң иiсi шығып тұрғанын байқаған және алкотестер спирттiк iшiмдiк қолданғанын дәлелдеген. (0,18 промилле).
Iшiп алып көкте самғамақ болған ұшқыштың кесiрiнен әуе кемесi 12 сағат 45 минут кешiгiп ұшқан.
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар