1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №4 (16190) 17 қаңтар, сейсенбі 2017
17 қаңтар 2017
Жамаловты жалмауызға айналдырған кiм?

ҚР Парламент Мәжiлiсiнiң депутаты Аманжан Жамалов ХҚКО-дағы өлiм жағдайына қатысты бiлдiрген пiкiрiн түсiндiрдi, – деп хабарлайды Tengrinews.kz
Кеше бiрқатар БАҚ пен әлеуметтiк желiлерде Жамалов айтыпты деген мынадай сөз жедел тарап, көптiң ашу-ызасын туғызған едi: “ХҚҚО-дағы кiсi өлiмi Қазақстанда тiркеу жүргiзiлiп жатқандықтан орын алды деп ойлайсыздар ма? Кiсi өлсе не бопты, мәселен, ол денсаулық жағдайына байланысты үйiнде жатып та, өлiп кетуi мүмкiн едi. Бұл мәселелер бойынша жедел жәрдем дәрiгерлерiне барып жүгiнген абзал».
Әрине, мұндай сөз кiмге ұнасын?! Әсiресе қара жамылған адамдарға депутаттың бұл уәжi өте ауыр соққы. Соны сезгенi шығар, депутат “негiзгi айтпағым басқа едi” деп ақталып жатыр. Ол бүй дейдi: “Ал адам өлiмiн менiң қызметiммен байланыстыру ше, мен нелiктен өзiмдi кiнәлi сезiнуiм керек? Менi жалмауыз әрi адам баласына қас ретiнде көрсете салды”.
Өмiрде бiр бәледен қашып, екiншi нәрсеге ұрынғаннан жаман нәрсе жоқ. Жамаловтың ақталуы да осыған келiңкiрейдi. Ендi жұрт “Жалмауызға айналған Жамалов осы екен ғой” деп жүрсе, таңданбаймыз.
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар