1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №4 (16190) 17 қаңтар, сейсенбі 2017
17 қаңтар 2017
Байлар байып барады...

Биыл әлемдегi сегiз мультимиллиардердiң байлығы Жер бетiндегi 3,6 миллиард халықтың жалпы жағдайынан асып түскен. Мұндай мәлiметтер кедейшiлiкпен күрес жөнiндегi Oxfam ұйымының баяндамасында келтiрiлген деп хабарлайды «Немецкая волна» радиосына сiлтеме жасаған “Азаттық”. Зерттеуге сәйкес, әлемде байлар мен кедейлер арасындағы алшақтық рекордтық деңгейге жеткен. Дәулеттi адамдардың байлығының 1 пайызы жер бетiндегi адамдардың 50 пайызының дүние-мүлкiне сәйкес келедi екен. Өткен жылы зерттеу нәтижесi басқаша болатын: 62 ең бай адамның меншiгiндегi дәулет 4 миллиард адамның жағдайына тең болған. Зерттеуге қарағанда, алғашқы триллионер таяу 25 жылдың iшiнде пайда болуы мүмкiн екен.
Осындай зерттеудi Қазақстанда да жүргiзсе ғой, шiркiн! Санаулы байдың тыққан-пыққан дәулетi Қазақстан жұртын қанша жыл асырар едi?
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар