1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №42 (15500) 27 мамыр, бейсенбі 2010
27 мамыр 2010
Асатаяқ сыйлады

Түркiстандағы Қожахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрiк универ­ситетiнде Түркия президентi Абдолла Гүл Қазақстан президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың түркi халықтарының бiрлiгiн нығайтудағы еңбегiне жоғары баға бере келiп, прези­денттiң үстiне ақ шапан жауып, басына аппақ бас киiм кигiзiп, қолына киелi асатаяқ ұстатты.

Жасыратын түгi жоқ, дәл қазiр түркi дүниесiндегi, түркi әлемiндегi бетке ұстар мемлекет Түркия болып отыр. Әзiрбайжан да, Өзбекстан да, Қазақстан да, Түрiкмен­стан да өз тәуелсiздiктерiн қалыптастырумен әуре. Түркия, әсiресе, соңғы 10-15 жылда түркiлiк (көнесi бар, жаңасы бар) құндылықтарға ерекше ден қойып, түркiлiк рәмiздерге айрықша мән беруде. Осы тұрғыдан келгенде, Абдолла Гүл сыйлаған асатаяқта да үлкен мән жатыр. Түркiлiк ұғым бойынша, асатаяқ – бiрiншiден, ақсақалдықтың, екiншiден, билiктiң символы.
Әрине, Абдолла Гүлдiң асатаяғы тек президентке ғана емес, елiмiзге де жақсылық, береке-бiрлiк әкелсiн. «Асатаяқ ұстаған адам адаспасын!» дейдi көне түркi мәтелi. Бұл не деген сөз? Бұл – билiктiң тiзгiнiн ұстаған адам адаспасын деген сөз. Адасса ше? Бәрiмiз де адасамыз. Бәрiмiздi де адастырады...
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар