1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №37 (15495) 12 мамыр, сәрсенбі 2010
12 мамыр 2010
Көздерi ендi жеттi

Вице-премьер Ө.Шүкеевтiң айтуынша, азық-түлiк нарығындағы бағалар өсiмiне қарсы шара қабылдау керек. Әтпегенде, инфляция жыл соңында белгiленген дәлiзден шығып, 9-10 пайызға жетуi мүмкiн. “Өткен жылдың I-тоқсанында инфляция 2,8 пайыз болса, биылғы жылдың I-тоқсанында бұл көрсеткiш 2,6 пайыз­ға жеткен. 2010 жылдың қорытындысы бойынша инфляция деңгейiн 6-8 пайыздық дәлiзде ұстау болжанған-ды. Алайда, қазiргi жағдай жалғаса берсе, бұл дәлiзден асып түсiп, 9-10 пайызға жетiп қалуымыз әбден мүмкiн”, – дедi Ө.Шүкеев кешегi үкiмет отырысында. Сонда үкiмет инфляцияны қалай ауыздықтамақ? “Бiзде әлi уақыт бар”, – дейдi жайбарақаттыққа салынған вице-премьер. Шүкеевтiң сөзiне сенсек, ол инфляцияны тежеу үшiн қандай шаралар қабылдау қажеттiгiн де бiлетiн көрiнедi. “Бұл ретте әкiмдер былтыр дағдарыс уақытында iске қосқан штабтардың жұмысы қайта жанданатынына сенемiз”, – дейдi ол. Сондай-ақ, Шүкеев әуелi азық-түлiк нарығындағы жағдайды реттеп алу керек дегендей пiкiр бiлдiрiптi. Бiр қызығы, сарапшылар инфляцияны 6-8 пайыздық деңгейде ұстап тұру мүмкiн еместiгiн I-тоқсан қорытындысы шығысымен-ақ мәлiмдеген. Оның үстiне, азық-түлiк бағасынан бөлек, коммуналдық тарифтердiң аспандағаны да инфляцияға әсер еткенi түсiнiктi. Ал үкiметтiң инфляция 10 пайыздан асып түсетiнiне көзi ендi ғана жеткендей.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар