1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №37 (15495) 12 мамыр, сәрсенбі 2010
12 мамыр 2010
Қазақ-қырғыз шекарасы ашылмай тұр

Сәуiр айының басында Қырғызстанда болған төңкерiс кезiнде жабылған қазақ-қырғыз шекарасын ресми Астана ашпай отыр. “Шекара аса жоғары деңгейде күзетiлуде, әлi ашыл­ған жоқ”, – деп мәлiмдедi ҰҚК шекара қызметi. Оның не үшiн, қандай мақсатпен әлi күнге ашылмай отырғаны жайлы нақты ақпарат жоқ. Қазақстан билiгi бұл туралы тiс жармай отыр. Ал Бiшкектегi уақытша үкiмет өкiлдерi шекараның екi ел азаматтары үшiн тезiрек ашылуын құп көруде. Уақытша үкiмет төрайымының орынбасары Темiр Сариевтiң мәлiмдеуiнше, Қазақстан жағы шекараны 11 мамыр күнi ашуға уәде берген. “Қазақ билiгi уәдесiнде тұрады деген сенiмдемiз”, – дейдi Т.Сариев. АҚШ президентiнiң арнайы көмекшiсi Майкл Макфол Қазақстанға сапары барысында шекараны ашу мәселесiн көтеретiнiн мәлiмдедi. Уақытша үкiметтiң өзге мүшелерi де бұл мәселе жайында өз пiкiрлерiн бiлдiрдi. Өмiрбек Текебаевтың ойынша, “Қазақстан шекарасын 1-2 айдың iшiнде ашпаса, Қырғызстанда әлеуметтiк жарылыс болуы мүмкiн”. 

Қырғыздағы жағдайдан соң қазақ билiгiнiң едәуiр үрейi ұшты. Төңкерiстiң экспортталуынан, оның бiздiң елге келуiнен сескенуде. Қырғыздармен арадағы шекараны жабық ұстауының себебi де сонда болса керек.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар