1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №32 (16114) 19 сәуір, сейсенбі 2016
19 сәуір 2016
Мақаң да кеттi, қазақтың көбеюiн армандап...

Елiмiздiң белгiлi демограф ғалымы, саяси ғылымдардың докторы, академик Мақаш Тәтiмов дүниеден озды. Ауыр науқастан. 77 жасқа қараған шағында.

М.Тәтiмовтiң 1931-33 жылдардағы “голо­щекин­дiк геноцидтiң”, 1937–1938 жылдардағы ста­лин­дiк қуғын-сүргiннiң, екiншi дүниежүзiлiк со­ғыс­та қаза тапқан қазақтардың шығынын есеп­теу­дегi еңбегi ерекше зор. Ол сонымен бiр­ге қазақ тарихындағы осындай ұлылы-кiшiлi нәубеттердiң саяси себептерiн де бар қырынан ашып көрсеттi.
Қазақтың көбеюiн армандаған, сондықтан да “көбеюдiң жолдарын үйрететiн ғылыммен айналысқан” (өзi әзiлдеп осылай деушi едi) академик Мақаш Тәтiмовтi алматылықтар кеше ақтық сапарға шығарып салды.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар