1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №32 (16114) 19 сәуір, сейсенбі 2016
19 сәуір 2016
Қызыл алаңда қала беретiн сияқты

Орыс халқының сорына туылған, тек орыс халқының ғана емес, талай елдiң, талай халықтың(оның iшiнде қазақ та бар) апалаң-топалаңын шығарып, миллиондардың көз жасына қалып һәм қарғысына ұшыраған жалған данышпан, жалған көсем В.И.Лениннiң денесiн сақтау үшiн Ресей 2016 жылға 13 миллион рубль бөлдi. Мемлекеттiк бюджеттен. Лениннiң денесiн сақтау жұмыстарын Бүкiлресейлiк дәрi-дәрмек және қош иiстi өсiмдiктер жөнiндегi ғылыми-зерттеу институты жүргiзбек.

Орыстың зиялылары мен Ресейдiң дiни ғұламалары “Лениннiң денесiн жерге беру керек. Жер –бiздiң анамыз. Лениннiң денесiнiң Жер-Ананың құшағына қайтарылмауы –үлкен күнә” деп, бiр мәмлеге келгендей болып едi. Тiптi Лениндi қай жерге жерлеудi де жобалап қойған-ды. Ал ендi мемлекеттiк бюджеттен арнайы ақша бөлiнiп жатса, бұл– Лениннiң денесi Қызыл алаңдағы мавзолейде қала бередi деген сөз.
Кейбiр саясаттанушылардың сөзiне сенсек, В.И.Лениндi әулие тұтатындар, оның өзiне де, сөзiне де табынатындар Ресейде әлi де орасан мол көрiнедi. Шамамен, 20–25 миллионның ар жақ, бер жағы. 25 миллионмен қалай есептеспеске?! Ресейдiң билiгi осыны ескерiп, Лениннiң денесiн Қызыл алаңда қалдыра тұру керек деп шешiптi. Әйтпесе, Путиннiң iшi Ленинге елжiреп тұрған жоқ.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар