1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №34 (15492) 29 сәуір, бейсенбі 2010
29 сәуір 2010
Американдық саясаткерлер Жовтистi жақтады

Жоғарғы соттың алқасы белгiлi құқық қорғаушы Евгений Жовтиске қатысты шығарылған сот үкiмiн қайта қараудан бас тарт­ты. Алқа мүшелерi құқық қорғаушының адвокаты Виталий Вороновтың сот актiсiн өзгерту туралы өтiнiшiн қарап, оны қанағаттандырмай тастады. Адвокат Жовтистiң iсiн қайта қарап, оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексiнiң 67-бабын қолданып, Жовтистi босатуды сұраған. Десек те төраға Ақылтай Қасымовтың айтуынша, Жовтистiң өзiнiң де дәл осындай өтiнiштi түсiруге құқығы бар. Бiрқатар американдық саясаткерлер Жоғар­ғы соттың бұл әрекетiне ашық қарсылығын бiлдiрiп үлгердi. Мериленд штатының сенаторы Бенджамин Л.Кардин, Еуропадағы қауiпсiздiк және ынтымақтастық жөнiндегi комиссияның төрағасы мен осы комиссияның тең төрағасы (АҚШ-тың Хельсинки комиссиясы), Флорида штатынан АҚШ конгрес­сi өкiлдерiнiң мүшесi ҚР Жоғарғы сотының Жовтис iсiн қараудан бас тартқанына қынжылып, наразылықтарын айтыпты.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар