1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №34 (15492) 29 сәуір, бейсенбі 2010
29 сәуір 2010
Бейбiт шеру бәрiбiр өтпек

«Халық билiгi» саяси блогы 1 мамырда республикалық деңгейде  бейбiт шеру өткiзетiндерiн айтып, мәлiмдеме жасаған-ды. Тiптi, барлық қажеттi тапсырыс-өтiнiштер жергiлiктi билiк органдарына жiберiлiп те қойылыпты. Алайда, билiк бейбiт шеру өткiзуге рұқсат беруден бас тартты. Саяси блок жергiлiктi билiк органдарына бас-аяғы 16 тапсырыс түсiрген көрiнедi. Билiк «рұқсат бермеймiз» дегенiмен қоймай, кейбiр өтiнiштерге «шерудi қала шетiндегi алаңқайда өткiзсеңдершi» дегендей мазақ ұсыныстар айтып жауап қайырыпты. Кеше өткен баспасөз мәжiлiсiнде саяси блок мүшелерi Ғ.Алдамжаров пен В.Козлов Қазақстанның авторитарлы билiгiнiң ЕҚЫҰ-да төрағалық еткенiне қарамастан, адам құқықтарын аяқасты етiп, журналист Р.Есiркеповтi, құқық қорғаушы Е.Жовтистi, «Қазатомөнер­кәсiптiң» бұрынғы жетекшiсi М.Жәкiшевтi темiр тордың ар жағына тоғытып, заңсыз соттағанына наразылығын бiлдiрдi. Сондай-ақ олар кеше ғана жоқ жерден А.Құрмановты тұтқынға алуы және түкке қажетi жоқ «медиа форум» қауiпсiздiк қызметiнiң тәуелсiз журналистерге шабуыл жасауы билiктiң шын мәнiндегi бетпердесiн ашып бердi деп есептейдi.

Бiрақ, билiктiң осындай қоқан-лоққысына қарамастан «Халық билiгi» саяси блогы 1 мамыр күнi сағат 10:00-да «Алға!» ХП кеңсесi аумағында демократиялық қоғамның республикалық жиынын өткiзетiнiн мәлiмдедi.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар