1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №33 (15491) 27 сәуір, сейсенбі 2010
27 сәуір 2010
Түймебаев ауған студенттерiн жарылқамақ

Қазақстан мың ауған сту­дентiне 50 миллион доллар көлемiнде ақша бөлмек. Не үшiн? Ау­ған жастарының елiмiзде бiлiм алуы үшiн. Кеше Ас­та­на­да өткен ТМД елдерi мұға­лiм­дерiнiң, бi­лiм саласы қызметкер­лерiнiң I съезiнде Бiлiм және ғылым министрi Жансейiт Түймебаев осылай деп мәлiмдедi. Министрдiң айтуынша, қазiргi кезде елiмiзде он мыңнан астам шетелдiк студент бiлiм алып жатыр. Ендi биыл осы он мың студентке мың ауған жастары келiп қосылмақ. «Былтырғы жылы бiз Ауғанстанмен халықаралық келiсiмге қол қойдық. Ауған жастарының мың өкiлiн Қазақстан қаржысы есебiнен оқытпақпыз. Бұл мақсатқа 50 миллион доллар көлемiнде қаржы бөлiнедi», – дедi министр. Түйме­баевтың айтуынша, ауған жастары әртүрлi ЖОО-ларда әртүрлi мамандық бойынша бiлiм алмақ. Министр ауғандықтардың оқуы, жатын орны мен жол-пұлынан бөлек олардың шәкiртақысын да төлейтiн көрiнедi. Осылайша министр қаншама қазақтың қаракөздерi төлей алмай жүрген оқудың ақшасын айдаладағы ауғандықтарға ұстатты. Қазақ балаларының қалтасы оқу ақысын көтере алмай жүрсе, министрлiктiң шетелдiк студент­тер санын көбейтемiз дегенiне жол болсын.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар