1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №93 (16071) 24 қараша, сейсенбі 2015
24 қараша 2015
Қырым жарықсыз қалды

Үш күннен берi жарықсыз қалған Қырымда төтенше жағдай жарияланды. Түбекке жарық осы күнге дейiн Украинаның оңтүстiгiндегi электр желiлерi арқылы келетiн. Бұған дейiн белсендiлер Қырымға азық-түлiк тиеген жүк көлiктерiн кiргiзбей қойса, ендi жарықты да бергiзбей отыр. Түбектiң жарықсыз қалуына Херсон облысындағы электр желiлерiн қасақана бүлдiру себеп болған. Сөйтiп, Қырымның 1,6 миллион халқы, 150 мектеп пен 100 балабақша жарықсыз қалды.

Белсендiлер электр желiлерiн қалпына келтi­ремiз деген жұмысшыларға кедергi келтiрiп, жолатпады. Сенбi күнi белсендiлер мен күштiк құрылым өкiлдерi текетiресiп қалды. Артынша Қырым татарларының көсемi Мұстафа Жемилев екi электр желiсiн қалпына келтiруге мүмкiндiк беретiнiн мәлiм еттi. Бұлардың бiрi – Херсон облысын, екiншiсi Запорож АЭС-iн электр энергиясымен қамтамасыз етедi. “Бiрақ Ресей мен Қырым саяси тұтқындарды босатпайынша, олар­ға жарық беруге жол бермеймiз”, – дедi М.Жемилев.
Симферополь мен Севастополь өздерiнiң энергия қорын пайдаланып отыр. Бiрақ бұл бүкiл қалаға жетпейдi. Осыған байланысты, Қырым басшысы Сергей Аксенов қырымдықтарды электр жылытқыш құралдарын пайдаланбауға шақырды.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар