1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №69 (16047) 1 қыркүйек, сейсенбі 2015
1 қыркүйек 2015
Көше тұрмақ, таудың да аты өзгередi

АҚШ Солтүстiк Америкадағы ең үлкен таудың атын өзгертпек. Бұл туралы Associated Press агенттiгi былай деп хабарлады: “Ақ үй Солтүстiк Американың ең үлкен Мак-Кинли тауы­ның атауын Денали қылып өзгертетiнiн мәлiмдедi”.

Ал неге өзгертедi? Өйткенi бұл жердiң ба­йырғы тұрғындары – атабаск үндiстерi бұл шыңды Денали деп атаған екен. Оның мағынасы «ұлы» деген ұғымды бiлдiредi.
XIX ғасырдың соңында АҚШ-тың 25-шi президентi Уильям Мак-Кинлидiң құрметiне тау­дың аты “Мак-Кинли” болып өзгерген. Демек, Денали туына өз атауы қайтарылады.
Ендi қараңызшы, кеңестiк кезеңде сұрқия саясаттың кесiрiнен бiздiң қаншама қала, аудан, ауыл аттары өзгерiп кеттi. Бiз соның қаншасын қайтардық? Қала түгiлi өз атауы берiлмеген көшелер қаншама бiзде?!
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар