1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №69 (16047) 1 қыркүйек, сейсенбі 2015
1 қыркүйек 2015
Қызға “темiр” жарасар әке тақса...

Тәжiкстан президентi Эмомали Рахмон өзiнiң қызы Озода Рахмонды бiрiншi дәрежелi “Шараф” (“Даңқ”) орденiмен марапаттады. Не үшiн? Қандай еңбегiне бола? Озода Рахмонға мемлекеттiк награда тапсыру туралы президент жарлығында оның экономика, әлеуметтiк сала, ғылым, мәдениет және бiлiм салаларын дамытуға қосқан үлесi, үлгiлi мемлекеттiк және әскери қызметi мен белсендi қоғамдық қызметi үшiн тапсырылатыны жазылған екен.

Озада бикешке мемлекеттiк награда өзге де мемлекеттiк шенеунiктермен бiрге Тәжiкстан тәуелсiздiгiнiң 24 жылдығы қарсаңында тапсырылған.
Бiр тәуiрi, мұндай жоғары дәрежелi награданы Нұрсұлтан Назарбаев тәжiк әрiптесiнен 2 жыл бұрын Дариға Назарбаеваға тапсырып үлгерген. Айырмашылығы, Озоданiкi – “Даңқ”, Дариғанiкi – “Барыс”.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар