1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №69 (16047) 1 қыркүйек, сейсенбі 2015
1 қыркүйек 2015
Мұхиттар “мiнез” шығарды

Мұхиттардың деңгейi көтерiлiп барады. Бұл үдерiс NASA Жер серiктерi түсiрген суреттер арқылы белгiлi болған.

Мұндай үдерiске әлемдегi су қорының жылдам артуы, климаттың тез өзгеруi мен полярлы мұздардың еруi себеп екен. Ғалымдар мұның соңы “құрлық көлемiнiң қысқарып, жағалауға жақын маңда тұратын адамдардың өмiрiне қауiп төндiруi мүмкiн” деп дабыл қағып жатыр. 
Зерттеулер АҚШ пен Францияның ғарыш агенттiктерi бiрлесе жүргiзген “Джейсон-3” жобасының аясында жасалған. Мамандардың мәлiметi бойынша, теңiз деңгейi 1992 жылдан берi орташа есеппен алғанда 8 сантиметрге көтерiлген. Бiрқатар ғалымдар “теңiз деңгейi 2100 жылға қарай 1-1,5 метрге дейiн көтерiледi. Мұндай жағдайда нағыз апат болады” деп болжайды.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар