1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №68 (16046) 27 тамыз, бейсенбі 2015
27 тамыз 2015
«Ауыл» партиясының «әкiмi» ауысты

Кеше Астанада “Ауыл” партиясының съезi өтiп, партия төрағасы Ғани Қалиев орнынан кеттi. Оның орнына төраға болып Әли Бектаев сайланды. Азаттық тiлшiсiне түсiнiктеме берген Ғ.Қалиев төрағалықтан кетуiн былай түсiндiрiптi: “Мен “Ұлттық аграрлық ғылыми бiлiм орталығы” республикалық коммерциялық емес акционерлiк қоғамы директорлар кеңесiнiң төрағалығына тағайындалдым. Партия төрағалығынан кету мәселесi президент әкiмшiлiгiнiң келiсiмiмен жүзеге асты”.

“Ауыл” деген партияның бар екенi сайлау кезiнде ғана еске түседi. Оның үстiне бұрынғы төрағаның өзi “президент әкiмшiлiгiмен келiсiм барын” айтып отыр. Осыдан кейiн партияға деген сенiм қайдан болсын?
Партияның жаңа төрағасы Әли Бектаев соңғы жылдары Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң орынбасары қызметiн атқарған.

 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар