1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш 65 (16043) 18 тамыз, сейсенбі 2015
18 тамыз 2015
“...Бiр уақыт кетпен-күрек ұстамаса”

Өткен жексенбiде Беларусь президентi Александр Лукашенко маңдайы тершiп, бақшасынан картоп қазды, қарбызын жинады. А.Лукашенконың баспасөз қызметi бұл туралы былай деп хабарлады: “Өнiм жаман болған жоқ. “Дрозды” резиденциясындағы 18 сотық алқаптан 70 қап картоп жинадық”.

А.Лукашенко үнемi қасынан тастамай ертiп жүретiн кенже ұлын да жұмысқа салды. Бақшасынан жинаған картобы мен қарбызын балалар үйi мен қарттар үйiне апарып бермек.
Осы жолы Лукашенко әрiптестерiнен тағы озды. “Батька” қолы ойылып, шалғы тартып, шаң жұтып, картоп жинап жүргенде Ресей прези­дентi В.Путин балық аулайды, ал Қазақстан президентi Н.Назарбаев гольф ойнайды...
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар