1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
“Мен әлемнiң 141 елiн аралаған адаммын. Солардың iшiнде өз мемлекетiнде өз тiлiнде өмiр сүре алмай отырған бейшара халықты көрдiм. Ол – қазақтар”
Автор: Италияның қазiргi заманғы кәсiпкерi, жиһанкез Реналью Гаспирин
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №29 (15487) 13 сәуір, сейсенбі 2010
13 сәуір 2010
Шүкеев шекараны күшейте ме?

Кеше үкiмет отырысында премьер-министр К.Мәсiмов вице-премьер Ө.Шүкеевке Қазақстанның Қырғызстанмен арадағы шекарасының қауiпсiздiгiн күшейтудi тапсырды. «Өмiрзақ Естайұлы, сiзге Жамбыл облысына барып, Қырғызстандағы жағдай дұрысталғанша, шекараны күшейту мәсе­ле­сiн жеделтетiп шешудi тапсырамын. Бұл жерде ең алдымен шекараны күшейтуге қаржы бөлу мәселесiн шешу қажет. Бұл мәселенi облыс әкiмiмен бiрлесiп пысықтаңыздар», – дедi үкiмет жетекшiсi. Ал Жамбыл облысының әкiмi Қанат Бозымбаевтың айтуына қарағанда, шекарадағы ахуал қалыпты әрi ешқандай проблема туындамаған көрiнедi. «Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң шекара қызметi, сондай-ақ iшкi iстер де­пар­таментi күшейтiлген режимде жұмыс iстеуде. Менiң басшылығыммен облыстық штаб құрылды. Қырғызстандағы жағдайға байланысты шекарада медициналық пункт­тер, лагерьлер жасақталған болатын. Алайда бұлардың қажетi болмай қалды. Бiз көршi елдерде болып жатқан жағдайды мұқият бақылап отырмыз», – дедi Қ.Бозымбаев.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар