1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №47 (16025) 16 маусым, сейсенбі 2015
16 маусым 2015
Әкiм орынбасарының үйiн тiнттi

Кеше Павлодар облысы Павлодар ауданының әкiмi орынбасары Асқар Бахралиновтiң үйiн құқық қорғаушылар екi сағат бойы тiнткен. Олардың бесеуi – автомат асынған жедел әрекет ету жасағының қызметкерлерi. Жергiлiктi ақпарат құралдарының хабарлауынша, тiнту жөнiндегi ордерде А.Бахралинов 2013 жылы жалған терроризм, алаяқ­тық, қаруды заңсыз сатып алу, сату, бiреуге беру мен ұстау қылмысы бойынша айыпталған Алмаз Нұрбаевтың iсiне қатысы болуы мүмкiн деген күдiкке алынған. Бiрақ әкiм орынбасарының ай­туынша, мұның Нұрбаевқа еш қатысы жоқ. А.Бахралиновтiң өз болжамынша, бұл тiнтудiң облыс әкiмi А.Бозымбаевтан ақша бопсалау iсiне қатысы болуы мүмкiн. Тiнту кезiнде үйдегi компью­тер мен электронды тасымалдағыштар тәркi­ленген.

“Бұлар менiң “Версия” газетiне қатысым бо­луым мүмкiн, оның үстiнен қараймын деп топшылайтын сияқты. Бiрақ мен ашық адаммын, Павлодардағы барлық журналистермен, оның iшiнде Василий Голышкин және оның ұлы Ярославпен жақсы арасамын”, – дептi А.Бахралинов 365.info сайтына берген сұхбатында.
Артынша әкiм орынбасарын бөлiмшеге жауап алу үшiн әкеттi. Содан кейiн онымен байланыс үзiлдi.
Бұған дейiн “Версия” басылымында шыққан мақалалардың бiрiнде тергеу изоляторында қамау­да отырған бас редактор Голышкинге тергеу­шiлер “А.Бахралиновке көрсет” деп қысым жасап жатқаны жөнiнде жазылған болатын.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар