1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №82 (15436) 13 қазан, сейсенбі 2009
13 қазан 2009
Келiмбетов президент жоспарының орындалуына күмән келтiрдi

Өткен сенбiде «Қазақстан – 2030» стратегиялық жоспарын жүзеге асыруға арналған мәжiлiсте «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының жетекшiсi Қайрат Келiмбетов президенттiң «2030 жылға дейiн Орта Азияның барысына айналамыз» деген сөзiне күмән келтiрiп, мәлiмдеме жасады. Ол: «Бiздiң «азия­лық барысқа» айналу-айналмауымыз алдағы он жылда анықталады», – дейдi. Оның айтуынша, Қазақстан экономикасының дамуы немесе құлдырауы билiктiң алдағы он жылда ұстанған саясатына тiкелей байланысты-мыс. 

«2030 жылға дейiн әлемнiң дамыған елдерiнiң қатарына қосылу оңай шаруа емес. Бiрақ, жүзеге асыруға болады. Тек дұрыс бағыт ұстансақ болғаны», – дейдi Қайрат Келiмбетов. Егер дәл қазiргi жағдайды саралап, таразыласақ, президент айтқан елулiкке де, «азия барысына» да қол созу бос сөз сияқты. Өйткенi, «Қазақстан – 2030-дың» қабылданғанына да он екi жыл. Бiрақ, шешiлмеген мәселелер шаш етектен. Ал алдағы он жылда шешiледi дегенге сену де қиын. Оның үстiне, өндiрiсiмiз шикiзат көзi болудан аса алмай отыр. Сондықтан президент сипаттаған «ертегiлер елiне» де жетуiмiз екiталай. Келiмбетов сынды шенеунiктер­дiң өзi мұны мойындағандай. Кiм бiлсiн, мүмкiн, страте­гия­лық жоспардың авторы да шиеленiскен жағдайды түсiндi ме екен...
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар