1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №41 (16019) 26 мамыр, сейсенбі 2015
26 мамыр 2015
Қазақ-түрiк лицейлерi жабыла ма?

Түркияның президентi Реджеп Эрдоған Фетхуллаха Гюлен тарапынан қаржыландырылатын түрiк лицейлерiн жабу туралы бiрнеше елге ұсыныс жасады. Бұл елдердiң iшiнде Қазақстан да бар. Алайда осыған дейiн қазақстандық билiк елiмiздегi қазақ-түрiк лицейлерi­нiң жабылмайтынын мәлiмдеген-дi.

АҚШ-та тұрып жатқан Ф.Гюленнiң радикалды iлiмдi насихаттағаны және ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны таяуда әшкереленiп едi. Р.Эрдоғанның айтуынша, ол құрған мектептерде бүгiнде радикалды фанаттар өсiп келедi. Осы мәлiмдемеден кейiн көп ұзамай-ақ Өзбекстан, Әзiрбайжан елiндегi түрiк лицейлерi жабылды. Ал бiздегi мамандар керсiнше, бұл оқу орындарын әлемдiк стандартқа сай жақсы бiлiм беретiн бiрден бiр оқу орны санайды. Десек те, “сақтан­ғ­анды сақтайтынын” қазақстандық мамандар естен шығармағаны жөн-ақ.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар