1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №40 (16018) 21 мамыр, бейсенбі 2015
21 мамыр 2015
Борышкерлер бас қосты

Кеше Алматыда ипотекалық несиесi бар жүздеген борышкер әл-Фараби мен Сейфуллин даңғылдарының қиылысында орналасқан “Банк ЦентрКредит” банкi алдына жиналды. Борышкерлердiң бiрiнiң мәлiмдеуiнше, “Банк ЦентрКредит” таяуда қабылданған мемлекет­тiк бағдарлама бойынша ипотекалық несие­лердi қайта қаржыландырудан бас тартып, борышкерлерге “тиiмсiз шарттар ұсынып” отыр.

“Банк ЦентрКредиттiң” жеке тұлғалар несиелерiн басқару департаментiнiң директоры Мұрат Әбiшев журналистерге банктiң несиенi қайта қаржыландыру бағдарламасын орындамай отырғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтты. Әбiшевтiң сөзiне сенсек, банк тұтынушыларының өтiнiштерiн қабылдайды және ипотеканы қайта қаржыландыруға дайын. Мұрат Әбiшев қайта қаржыландыру бағдарламасы бойынша қазақстандық iрi он банкке 130 миллиард теңге бөлiн­генiн, алдын ала есеп бойынша оның 15,6 миллиард теңгесi “Банк ЦентрКредитке” берiле­тiнiн айтты.
– Бұл бағдарлама бойынша қазiр бiзде екi мыңға тарта борышкер бар. Бiрақ қоғамдық бiрлестiктiң талабы бойынша, бұл бағдарламаға “мұқтаж” кезде несие алғандар да қо­сылды. “Банк ЦентрКредитте” мұндай займдар 15,6 миллиардтан асып кетедi, – дедi М.Әбiшев.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар