1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №38 (16016) 15 мамыр, жұма 2015
15 мамыр 2015
Санкцияның зардабы “маса шаққандай” ғана ма?

“Еуропа елдерi мен АҚШ-тың санкцияларының Ресейге маса шаққандай да құрлы әсерi болған жоқ” деп мақтанатын орыс журналистерi аз емес. Ал ендi белгiлi саясаткер, журналист, публицист Олег Попцовтың айтуынша, санкция Ресейге қатты зардап шектiрiп отыр. Ендi О.Попцовтың санамалап шыққанындай, бiз де осы зардаптарды атай кетудi орынды көрдiк: Ресей экономикасының дамуы тоқтаған. Автоөнеркәсiп тоқтауға шақ тұр (Ресейде жұмыс iстеп тұрған шетелдер­дiң автокөлiк шығаратын корпорацияларының кетiп қалуына байланысты). Азық-түлiктiң бағасы 30 пайызға артқан. Ресей дүкендерiне түсетiн шетелдiк азық-түлiк пен шетелдiк киiм-кешек 70 пайызға артқан. Бiрақ бұлардың сапасы өте нашар. Мәселен, Черногорияның сатуға жарамсыз алмалары “Кейде Беларусьтiң, кейде Әзiр­байжанның алмалары” деген маркировкамен Мәскеудiң магазиндерiне дүмеп түсiп жатыпты және т.т.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар