1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
“Мен әлемнiң 141 елiн аралаған адаммын. Солардың iшiнде өз мемлекетiнде өз тiлiнде өмiр сүре алмай отырған бейшара халықты көрдiм. Ол – қазақтар”
Автор: Италияның қазiргi заманғы кәсiпкерi, жиһанкез Реналью Гаспирин
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №82 (15436) 13 қазан, сейсенбі 2009
13 қазан 2009
Артық ақшаны қалай жинаған?

 

Шымкенттiң орталық жылу беру мекемесi өткен қыста тұрғындардан 56 миллион 44 мың теңге артық ақша жинап алған. Бiрақ, қаржыны қалтасына салған «3-энергоорталық» оны қайтарғысы жоқ. Табиғи монополияны зерттеу агенттiгi Оңтүстiк Қазақстан облыстық департамен­тiнiң бөлiм бастығы Салима Бопованың айтуынша, энергоорталыққа қаржыны тұр­ғындарға қайтару туралы ұйғарым берiл­ген. Жылу бағасын есептегенде ауаның ең төменгi температурасы – 17 градус деп алынады. Ал ауа райын бақылайтын орталықтың мәлiметiне сүйенсек, өткен жылыту маусымында Оңтүстiкте ең төменгi температура – 8 градус шамасында болған. Жалпақ тiлмен айт­қанда, отын аз жұмсалған. Жымқырыл­ған қаржы алдағы жылу маусымының есебiнен қайтарылуы тиiс. Әр тұтынушы пәтер көлемiне қарай жылуға жұмсайтын төлемiнен 14 теңге 60 тиын шегерiлуi керек. Бiрақ, «3-энергоорталық» АҚ директоры Любовь Маршалкина мұнымен келiспей отыр. Ол: «Өткен жылу маусымында тұрғындардан 1 миллион 662 мың теңге артық ақша жиналған», – деп уәж айтуда. Әйтсе де, өткен жылы Шымкент қаласының 1714 көпқабатты тұрғын үйiнiң жартысына жуығы жылуды кеш алды. Оның үстiне, көптеген пә­терде жылу мардымсыз болды. Сонда да компания департаменттiң ұйғарымымен келiспей, сотқа жүгiнуде.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар