1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №29 (16007) 14 сәуір, сейсенбі 2015
14 сәуір 2015
“Қорқынышқа” айналған қызылша ауруы

“Қазақстанда былтырғы көрсеткiшпен салыс­тырғанда қызылшамен сырқаттанушылардың саны 13 есеге өстi. Эпидемиологиялық жағдайдың өршуiмен қатар сырқаттанушылықтың өсуiнiң негiзгi себептерiнiң бiрi егудi тоқтату болып отыр” деп хабарлайды ҚР ДСӘДМ-нiң баспасөз қызметi. Астана қаласында өткен Еуропа аймағын қызылшаға қарсы иммундау мәселесi бойынша дөңгелек үстел шеңберiнде сөз сөйлеген педиатрия бөлiмi және Испаниядағы Сантьяго жұқпалы аурулар университеттiк клиникалық ауруханасының басшысы доктор Федерико Мартион Торрес вакцинамен басқарылатын жұқпалы аурулардың, соның iшiнде қызылшаны алдын алудың жалғыз әдiсi вакцинациялау болып отырғанын атап өткен едi. Сондай-ақ, осыған дейiн жүздеген баланы бүк түсiрген вакцинаның құрамы талапқа сай деген мамандар ендi, мiне, қызылша дертiнiң еселеп өскенiн көлденең тартуға көштi. Дәрiгерлердiң бұл әрекетiн “қорқыту арқылы қос көрсету” деушiлер саны өте көп.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар