1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №29 (16007) 14 сәуір, сейсенбі 2015
14 сәуір 2015
Рим папасы түрiктердi ренжiттi

Түркияның сыртқы iстер министрi Ватикандағы елшiсiн керi қайтармақ. Түрiк билiгiнiң мұндай қадамға баруына Рим папасы Францисктiң Осман империясын “XX ғасырдың алғашқы геноцидiн жасады” деп айыптауы себеп болған. Бұл мәселе туралы бұған дейiн де Түркияның сыртқы iстер министрiлiгi Анкарадағы Ватикан елшiсiн арнайы шақыртып сөйлескен. ХХ ғасыр басындағы Түрiк билiгiнiң армяндарға қарсы соғысын геноцид деп бағалаған Рим папасының пiкiрiмен Түркия тарабы мүлде келiспейдi. Соғыстың салдарынан болған адам шығынын геноцидке балаған папаның әрекетi екi ел арасына сына қағуы мүмкiн деген қауiп басым.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар