1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №21 (15999) 17 наурыз, сейсенбі 2015
17 наурыз 2015
Телiбеков тепсiнiп кеттi

Президенттiк сайлауға түспекшi болған Мұрат Телiбеков мемлекеттiк тiлден емтихан тапсыруға келiп, шу шығарыпты. Бұл туралы “Тенгриньюс” тiлшiсi хабарлады.

“Менiң өз талабым бар. Емтиханға сенiмдi өкiлiм мен журналистер бастан-аяқ қатыссын және сынаққа телефонымды алып кiруге рұқ­сат етiңiздер”, – дептi М.Телi­беков. Бұл әре­кетiн “лингвистикалық комиссияға сен­бей­мiн” деп түсiн­дiр­ген. Телi­беков Мырзатай Жолдасбековке “маған жа­қынырақ    отырыңыз” деп ұрыс­­қанымен қоймай, “өзiм таңдаған тақырыпты ғана айтамын” деп қитығыпты.
Мұндай “тентектiң” талайын көрген М.Жолдасбеков бұған шыдасын ба, “бiз сiзден емтихан қабылдамаймыз” деп бiр-ақ кесiптi. Телiбеков те босқа кетпей, “мен сендерге кiм екенiмдi көрсетемiн” деп тепсiнiп кетiптi.    
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар