1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №18 (15996) 5 наурыз, бейсенбі 2015
5 наурыз 2015
Теңгенiң құбылмалы бағамы

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы қам­қоршылар кеңесiнiң мүшесi, кезiнде Ұлттық банк­тiң төрағасы қызметiн атқарған Ораз Жандосов ұлттық валютаны девальвациялайтын уақыт жеттi деп есептейдi. Бiрақ құнсыздануды теңге бағамын белгiленген дәлiзден құбылмалы бағамға өту арқылы жүргiзу керек дейдi ол. “1999 жылы дәл осындай ахуал орнықты, мұндай теңге девальвациясы ендi болмайтын шығар деп ойлаған едiм. Ол кезде 16 жылдан кейiн, “Болашақ” бағдарламасының мыңдаған түлегi таңдаулы орындарда жұмыс iстейтiн бiздiң елiмiз қайтадан сол күйдi бастан кешедi деген ой үш ұйықтасам да түсiме кiрмедi”, – дедi О.Жандосов. Мұны ол кеше Алматыда өткен CFO Idea Exchange&Networking Event саммитiнде айтты.

Экономистiң бұл пiкiрiн залдағы банкирлер қуаттады. “Халық банкiнiң” басқарма төрайымы Үмiт Шаяхметова халықтың бәрi девальвацияға дайын деген уәжiн келтiрiптi. Оның айтуынша, елдегi бизнес пен ұлттық компаниялардың барлығы ақшасын доллармен сақтап отыр. Ал теңгенiң бұл бағамын ұстап тұру үшiн алтын-валюта резервтерi жұмсалуда. “Өз қорымызды құртқанымыз былай тұрсын, бiз қазiр ақшамызды Ресей экономикасын қолдауға жұмсап жатырмыз”. Банкирдiң сөзi ақиқатқа саяды.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар