1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №18 (15996) 5 наурыз, бейсенбі 2015
5 наурыз 2015
Бес адам белсенiп шықты

Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясының мәлiмдеуiнше, ҚР президенттiгiне үмiткер болуға бес адам өтiнiш түсiрiптi. Президенттiк сайлауға үмiттi бес адамның арасында халық тани қоятындай танымал тұлға жоқ.

Үмiткер болуға дәмелiлер мыналар: Асқар Сыр­ғабаев, Сафиолла Алдажанов, Лимана Қойшиева, Бақыт Әбдiкәрiмов, Сухраб Мырзашев.
Кеше өткен Қазақстанның халықтық комму­нистiк партиясының съезiнде Тұрғын Сыздықов үмiткер ретiнде ұсынылды. Бұрын-соңды есiмiн ел естiмеген коммунист 1974 жылы Мәскеудегi жоғар­ғы коммунистiк мектептi тәмамдаған. Соңғы уақытта Ақмола облыстық мәслихаттың бөлiм меңгерушiсi қызметiн атқарған көрiнедi.
Президенттiкке түсуге өтiнiш бiлдiргендер 93 012 адамның қолын жинау керек. Жаңа түзету бойынша, қол жинауға бұрынғыдай 10 күн емес, 5 күн берiледi.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар