1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №18 (15996) 5 наурыз, бейсенбі 2015
5 наурыз 2015
Әлиев дегенiне жетпедi

Рахат Әлиевтiң адвокаттары, қазiргi кезде оның жесiрi Эльнара Шораздың мүддесiн қорғаушылар Клаус Айнедтер мен Отто Дитрих өлiм себептерiн зерттеуге АҚШ-тың федералды тергеу бюросы қатысса дейдi. Апта басында Венада өткен баспасөз мәслихатында қорғаушылар Р.Әлиевтiң жұбайының өтiнiшi бойынша мәйiт Швейцарияда қайта ашылып тексерiлетiнiн айтты. Басты себеп – олар Р.Әлиев өзiне-өзi қол жұмсады дегенге сенбейдi.

Осы баспасөз мәслихатына қатысқан “Республика” ақпараттық порталының шэф-редакторы Ирина Петрушова әлеуметтiк желiдегi парақшасында мынандай ақпаратпен бөлiсiптi. “Р.Әлиев өлiмiнiң алдында прокуратураға құпия ақпарат бар сервердi ашам деп келiсiптi. Ол бұл сервердi әлдеқашан Австрия билiгiне берiп қойған. Бiрақ оны ашудан бас тартып келген. Парольсiз оны ашу мүм­­кiн емес, құпия сөз дұрыс терiлмесе, барлық ақ­­парат бiрден жойылады. Өлiмiнен он күн бұрын Әлиев осы сервердi прокурор көзiнше ашып, қолына ұстатам дептi”.
Петрушова келтiрген тағы бiр қызық дерек, 25 ақпан күнi Рахаттың балалары – Нұрәли мен Айсұл­тан Венаға барып, әкесiнiң сүйегiн алып кетпек болыпты. Бiрақ Австрия билiгi зерттеу бiткенше мәйiттi беруге тыйым салған. Оның үстiне Әлиевтiң заңды отбасы оны Венада жерлемек. Адвокаттардың айтуынша, мәйiттi алуға Әлиевтiң заңды жұбайының ғана құқы бар.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар