1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қартаюға қарсы, яғни жасартатын, мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін – дәрі-дәрмектер ойлап табу керек. Міне, қазіргі ғалымдар әлемде осындай шаруалармен айналысып жатыр.
Қазақстан ғалымдармен кездесуінде айтқан ұсынысынан. 04.09.09
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №7 (15985) 27 қаңтар, сейсенбі 2015
27 қаңтар 2015
Сәбиiн сатқан келiншек

Алматы облысы Iле ауданының 27 жастағы тұрғыны өз сәбиiн сатпақ болған кезде ұсталды. Келiншек қызын өткен жылдың 19 желтоқсанында Алматыда босанған. Босанғалы берi бұл келiншек өз сәбиiн сатып алатын адам iздеген. Сатып алушы да тез табыла кеттi.

Алматы қалалық IIД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Таңат Назановтың айтуынша, сәби саудасы Бостандық ауданында кешкi сағат 19.00-де жасалыпты. Өз сәбиiн сатқан келiншектен куәгерлердiң көзiнше 180 мың теңге тәркiленген. Келiншек өз кiнәсiн бiрден мойындады. Сонымен бiрге одан жауап алынды. Келiншектiң айтуынша, бұған дейiн ол екi бала босанып, оларды перзентханаға тастап кеткен. Мұның рас-өтiрiгi қазiр тексерiлiп жатыр.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар