1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
“Мен әлемнiң 141 елiн аралаған адаммын. Солардың iшiнде өз мемлекетiнде өз тiлiнде өмiр сүре алмай отырған бейшара халықты көрдiм. Ол – қазақтар”
Автор: Италияның қазiргi заманғы кәсiпкерi, жиһанкез Реналью Гаспирин
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №6 (15984) 22 қаңтар, бейсенбі 2015
22 қаңтар 2015
Iшiнде бiрде-бiр қазақ авторы жоқ

Алматыдағы М.Ю.Лермонтов атындағы академиялық орыс театрының (көркемдiк жетекшiсi Рубен Андриасян) қаңтар айындағы репертуарына көз салыңызшы. Құдай-ау, мұнда кiмдер жоқ дейсiз: орыстың да, немiстiң де, француздың да, итальянның да, испанның да және бұдан бас­қа да талай елдер мен халықтардың драма­тург­терiнiң шығармалары сахналанады. Бiрақ бұлардың iшiнде бiрде-бiр қазақ драматургы жоқ.

“Апыр-ай, – дейсiң ғой осындайда, – аңқау қазақты алдап қою үшiн, ең болмаса, бiр қазақ авторының пьесасын сахналай салса қайтер екен?”. Оны айтып тұрған себебiмiз, орыс театры Өзбекстанда да, Қырғызстанда да, Арменияда да, Грузияда да, Татарстанда да, Латвияда да, Украинада да бар. Бiрақ олар, ең алдымен, сол республикалардың драматург­терiне көңiл бөледi.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар