1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №5 (15983) 20 қаңтар, сейсенбі 2015
20 қаңтар 2015
Қазақстанға БҰҰ-ның арнайы өкiлi келдi

Бiрiккен Ұлттар Ұйымының азаматтардың бейбiт жиындар өткiзу және жиналу құқығы мәселелерi жөнiндегi арнайы өкiлi Майна Киаидiң кеше Қазақстанға ресми сапары басталды. БҰҰ өкiлi Қазақстанда қаңтардың 19-ы мен 27-сi аралығында болады. Майна Киай кеше Алматыда БҰҰ өкiлдiгiнде жиын өткiздi.

БҰҰ-ның ресми сайтының хабарлауынша, Киаи Қазақстанда бейбiт жиындар өткiзу құқығы мен оған қойылатын талаптардың орындалу жайымен таныспақшы. БҰҰ өкiлi бұған қоса Қазақстанда қоғамдық бiрлестiктер, кәсiподақтар мен саяси партиялардың, дiни ұйымдардың тiркелу мәселесiн де қарастыруды жоспарлап отыр.
БҰҰ өкiлi Алматыдан өзге Астана, Ақтау және Жаңаөзенге барып, мемлекеттiк және сот орындары, қоғамдық ұйымдар өкiлдерiмен кездеседi.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар