1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №5 (15983) 20 қаңтар, сейсенбі 2015
20 қаңтар 2015
Орыс солдаты ойына келгенiн iстедi

Гюмри – Арменияның солтүстiгiндегi облыс орталықтарының бiрi. Осы Гюмри қаласының iргесiнде Ресейдiң №102 әскери базасы бар. Қатардағы жауынгер Валерий Пермяков осы базадан түн жамылып қашып кетедi де, таңғы сағат 5-те Гюмри қаласының тұрғыны Аветисянның үйiне басып кiредi. Аветисянның өзiн, әйелiн, бала-шағасын, немересiн Калашников автоматымен атып өлтiредi. Орыс солдатының оғынан алты адам өлiп, бiр адам ғана тiрi қалады. Ол –Аветисянның 1,5 жас­тағы немересi. Қазiр анықталып отыр, В.Пермяков сәбидi атпапты, автоматтың тұмсығындағы найза-пышақпен шабақтап кетiптi. Сәбидiң жағдайы өте қиын, қазiр аса ауыр халде ауруханада жатыр...

Аветисянның отбасын түгел қырып болғаннан кейiн В.Пермяков өзiнiң әскери киiмдерiн осы жерде қалдырып, спорт киiмдерiн киiп әрi қарай кетедi. Не керек, сол күнi В.Пермяков Армения мен Түркияның шекарасына таяу жерден ұсталды. Қазiр В.Пермяков №102 әскери базасының абақтысында отыр. Сол күнi-ақ Ереван мен Гюмриде мыңдаған армяндар шеру өткiздi. Бұл шеруге Армения парламентiнiң депутаттары, қоғам қайраткерлерi қатысты. Ресейдiң мемлекеттiк туын өртеуге тырысқандар да болды. Шеруге шыққандардың талабы: “В.Пермяковты бiздiң қолымызға берiңдер! Оны Армения соты соттауға тиiс!”.
Бұл жөнiнде Арменияның бас прокуроры Геворк Костанян былай дедi:
– Мен ресейлiк әрiптесiм Юрий Чайкаға телефон соқтым. Бiз секiлдi олар да В.Пермяковқа қатысты қылмыстық iс ашыпты. Ендi осы екi iстi бiрiктiрiп қарайық дегендей қылды. Менiңше, бұл iс түгелдей Армения сотына өткiзiлуге тиiс. Өйткенi қылмыс әскери базада емес, Армения жерiнде жасалды ғой. Оның үстiне орыс солдатының Аветисянның отбасын өлтiруге қатысты ай­ғақтары түгелдей дерлiк армян тергеушi­лерiнiң қолында.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар