1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №2 (15980) 8 қаңтар, бейсенбі 2015
8 қаңтар 2015
“Нормандиялық форматтың” өту-өтпеуi белгiсiз

Астанада 15 қаң­тар күнi “нормандиялық форматтағы” жиын өтедi деген ақпаратты былтырғы жылдың соңында Украина президентi Петр Порошенко айтқан едi. Бiрақ Германия мен Франция тарапы бұл кездесуден нәтиже шықпаса, оны өткiзудiң де қажетi жоқ дегендi емеурiнiмен анық аңғартты.

Германияның сыртқы iстер министрлiгiнiң ресми өкiлi Мартин Шефер Астанада өтетiн саммит жайлы тек “естiгенiн” айтты.
Ал федералды үкiметтiң ресми өкiлi Штеффен Зайберт мұндай деңгейдегi кездесудi нәтиже шығатын болса ғана өткiзуге болатынын мәлiмдеген. Франция президентi Франсуа Оланд та осы тақылеттес пiкiр бiлдiрдi.
Германияның сыртқы iстер министрi Франк-Вальтер Штайнмайер саммит қандай шарттар орындалғанда мән-мағыналы болатынын кесiп айтты. Ол – Минск келiсiмдерiнiң орындалуы, соғысты тоқтату жөнiнде бiтiм жасау, майданнан ауыр техниканы қашыққа алып кету, Украинаның шығысындағы тұрғындарға гуманитарлық көмек көрсетуге жол ашу.
Франция, Германия, Ресей мен Украина сыртқы iстер министрлерi 9 қаңтарда Астанада кездесiп, келiссөз жүргiзедi. “Нормандиялық форматқа” кiретiн ел басшыларының 15 қаңтар күнi Астанада кездесу-кездеспеуi осы жиыннан кейiн белгiлi болатын тәрiздi.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар