1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №102 (15976) 23 желтоқсан, сейсенбі 2014
23 желтоқсан 2014
Р.Әлиевтiң баласы – Астана әкiмiнiң орынбасары

Былтырдан берi “Қазақстанның Даму банкi” АҚ басқарма төрағасының орынбасары, “Транс­телеком” АҚ басқарма төрағасы қызметiн ат­қарған Нұрәлi Әлиев ендi Астана қаласы әкiмiнiң орынбасары болып тағайындалды.         

Қазақстан соты қылмыскер деп үкiмiн шығар­ған, сырттай жазасы ке­сiлген Рахат Әлиевтiң ұлы орынбасарлық таққа жай­ғасқан сәттен-ақ әлеуметтiк желiлердегi пiкiр айтушылар қақ жарылды. “Әкесiнiң қылмысы үшiн баласы жауап бермейдi” деушiлер мен “қылмыскердiң баласына билiк тiзгiнiн ұстату заңға қайшы” дейтiндердiң арасындағы талас тоқтар емес. “Әкесi қылмыскер болса да, Нұрәлi – президенттiң немересi. Ал президенттiң немересiне барлық жерде жол ашық. Өйткенi Қазақстанда бәрiн президент шешедi” дегендер басқаларға басу айтып әлек. Отбасылық билiк жүйесiнде бұған еш таңдануға болмас. Күнi ертең Дариға парламенттiң төрағасы, ал оның ұлы не министр, не дөкей әкiм болса, Н.Назарбаевтың Конституция бойынша барлық азаматтар қандай қызмет атқарса да құқылы деген көрегендiгiнiң дәлелi саналмай ма?!
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар