1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №102 (15976) 23 желтоқсан, сейсенбі 2014
23 желтоқсан 2014
Калачилiктер тағы да ұйқыға кеттi

Ақмола облысына қарасты Калачи ауылының тағы да төрт тұрғыны ұйқышылдық дертiмен ауруханаға жеткiзiлдi. Облыстық денсаулық сақтау мекемесiнiң өкiлi Г.Әбдiрахманова ауруханаға түскен төрт науқастың барлығындағы сырқат белгiсi бiрдей екенiн айтады. Естерiңiзге сала кетейiк, Калачи ауылының тұрғындары ұйқышылдық дертiне былтырдан берi “шалдықты”. Күнi бүгiнге дейiн калачилiктердiң бойындағы белгiсiз дерттiң сыры анықталмады. Мамандар тұрғындардың ауруын ауыл маңындағы уран шахтасымен байланыстыруда. Ал дәрiгерлер мен шенеунiктер уран шахтасы мен ұйқышылдық дертiн байланыстыруға құлықсыз.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар