1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №101 (15975) 19 желтоқсан, жұма 2014
19 желтоқсан 2014
Еуразиялық экономикалық қоғамдастық қызметiн тоқтатты

Кеше Парламент Мәжiлiсiнiң жалпы отырысында палата депутаттары “Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың қызметiн тоқтату туралы шартты ратификациялау туралы” заң жобасын мақұлдады. Аталған шартқа Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекет басшылары биылғы жылдың 10 қазанында Минск қаласында қол қойған едi. 

Сыртқы iстер министрi Ерлан Ыдырысов мемлекет басшылары Еуразиялық экономикалық одақ құрған кезден бастап аталған қоғамдастықты тарату туралы келiскенiн айтты. “Оның себептерi, бiрiншiден, ЕурАзЭҚ өзiнiң тарихи мiндетiн орындады. Оның шеңберiнде Кеден одағы, Бiрыңғай экономикалық кеңестiк құрылып, Еуразиялық экономикалық одақ өз жұмысын бастағалы отыр. Екiншiден, бiр кеңiстiкте бiр-бiрiнiң функцияларын қайталайтын екi ұқсас ұйымның болуы қажет емес. Шартта 2015 жылдың 1 қаңтарында қоғамдастықтың және оның органдарының, соның iшiнде Интеграциялық комитет хатшылығының, Парламенттiк Ассамблеяның және ЕурАзЭҚ сотының қызметiн тоқтату қарастырылған”, — дедi Сыртқы iстер министрi Ерлан Ыдырысов.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар