1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №94 (15968) 27 қараша, бейсенбі 2014
27 қараша 2014
Ахметов тағылған айыпты мойындамады

Экс-премьер Серiк Ахметовке “аса iрi көлемде бюджет қаржысын жымқырды” деген айып тағылғанын, оның әр қадамы бақылауда екенiн “Жас Алаштың” өткен санында жазғанбыз.

С.Ахметов “iрi көлемде қаржы жымқырды” деген айыпты мойындамапты. Мұны tengri­news.kz сайтына Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң жедел тергеу тобындағы ақпарат көзi хабарлаған.
Ақпарат көзiнiң дерегiнше, С.Ахметов өзiне тағылған айып жөнiндегi қаулымен танысқан және оның көшiрмесiн алдым деп қол қойған. Алайда Ахметов тағылған айыпты мойындаудан бас тартқан. “Ол тергеу органының таққан айыбын долбар ғана деп есептейдi. Ахметов ақша жымқыруға қатысым жоқ дейдi. Ол жалған құжаттарға ешқашан қол қоймағанын және жұмысына адал болғанын айтты” дептi тергеу тобының өкiлi.
С.Ахметовтiң iсiне қатысты айыпталушылардың қатары көбейдi. Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң төрағасы Қ.Қожамжаров премьер-министр К.Мәсiмовке “ҚазАгроФинанс” АҚ-ның басқарма төрағасы Ғұмар Рақымжановты қызметiнен алуды ұсыныпты.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар