1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №88 (15962) 6 қараша, бейсенбі 2014
6 қараша 2014
Генералдың күйi

Ratel.kz сайтында белгiлi журналист Геннадий Бендицкийдiң зерттеу мақаласы жария­ланды. Мақала “Нұрлан Жоламановтың сән-салтанатқа толы өмiрi” деп аталады. Онда Бендицкий былай деп жазады: “2014 жылы шекара қызметi директорының (Н.Жоламанов – ред.) материалдық жағдайы күрт жақсарды. Астананың iргесiндегi Интернациональный ауылынан құны 200 мың долларлық үй сатып алды. Алматыдағы элиталық тұрғын үй жүйесiнен құны 300 мың долларлық пәтердi қоса сатып алдық. Әйелiнiң туған күнiне құны 100 мың долларлық “Ланд Крузер 200” сыйлапты. Ең қызығы, Н.Жоламанов бiр жасқа тол­ған немересiнiң туған күнiне генерал-лейте­нант­тың алтынмен апталған мундирiн сыйлапты. Әрине, бiр жасар балаға лайықталып тiгiлген...”.

Генерал Н.Жоламанов тұтқындалғанда “жем­қорлықпен күресем деп жазым болды” дегендер де табылған. Генералдың мына күйiне қарағанда олай емес сияқты ма, қалай?
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар