1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №78 (15952) 2 қазан, бейсенбі 2014
2 қазан 2014
Арақтың үстiне ендi наркотик қосылды

“Известия” газетiнiң жазуынша, 2015 жылы Ресей әскерiне жаппай тексеру жүргiзiлмек. Осындай жоспарлы тексерумен бiрге кенет, күтпеген жерден жүргiзiлетiн тексерулер де көбеймек. Неге?

Статистикаға сенсек, Ресейдiң әскери курсанттарының 4,9 пайызы наркотикке үйiр екен. Сонымен бiрге Ресей әскерi офицер­лерiнiң арасында да наркотикке әуестер аз емес көрiнедi.
Жалпы, орыс офицерлерiнiң араққа үйiрлiгi, арақты көп iшетiндiгi екi бастан белгiлi. Ендi осыған наркотик келiп қосылса, мұның аяғы не болмақ?
Қазақстанның әскери мамандарына бiлiктiлiгiн жетiлдiру керек болса, ұдайы Ресейге жiберiледi. Ендi бiзге осыны тоқтату керек шығар. Ресейден де басқа ел бар емес пе...
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар