1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №74 (15948) 18 қыркүйек, бейсенбі 2014
18 қыркүйек 2014
Қалмұрадовты алаңдататын мереке

Парламент мәжiлiсiнiң депутаты Розақұл Қалмұрадов елiмiздегi ең ұлы мерекелер Жаңа жыл мейрамын тойлаудың тасасында қалып қоятынына алаңдаулы. Бастапқыда депутат ұлы мереке деп Тәуелсiздiк күнiн меңзеген болар деп есептедiк. Қателеспеппiз, бiрақ...

Қалмұрадовтың сонымен қатар бi­рiншi президент күнi де көлеңкеде қалып, лайықты дәрежеде тойланбайтынына көңiлi толмайтын болып шықты. “Қазақстан хал­қы үшiн Тә­уел­сiздiк күнi­нiң орны бө­лек. Тә­уел­сiз­дiк берiк болу үшiн оның құндылығын жете ұғыну керек. Бұл – әрбiр азаматтың Отан алдындағы борышы. Қазiргi ұрпақ осы борышты же­те сезiне ме? Желтоқсан айы бастала бергенде Жаңа жылды тойлауға қызу дайындық басталады. Көше­дегi биiк ғимараттарға құт­тықтау жазулары iлiнедi, шырша орнатылады. Бiрақ Жаңа жылға дейiн елiмiз ұлы мерекелердi – Бiрiншi президент күнi мен Тәуелсiздiк күнiн тойлайды, ал ол туралы ақпарат берiлмейдi. Тек 3-4 күн қалғанда ғана БАҚ жүгiртпе жолдарды бередi”, – дейдi ол.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар