1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №65 (15939) 21 тамыз, бейсенбі 2014
21 тамыз 2014
Алматы облысының әкiмi ауысты

Алматы облысына жұмыс сапармен келген Қазақстан президентi Нұрсұлтан Назарбаев облыс әкiмi етiп Амандық Баталовты таға­йындады. Облыс активiне Баталовты прези­денттiң өзi таныстырды. Тағайындаудың ресми жағы демесеңiз, таныстырды деуге кел­мейдi. Өйткенi Амандық Баталовты Алматы облысы жұртшылығы жақсы бiледi. Оның iскерлiгiн, iлкiмдi­лiгiн, ұлтжандылығын жоғары бағалайды.

А.Баталов талай жылдан берi Алматы облысы әкiмiнiң орынбасары болып қызмет еттi. Ең қиын жерлерде осы Баталов жүретiн. Қызылағашта су тасып, бүтiн бiр ауылды шайып кеткенде күндiз бел шешпей, түнде көз iлмей ауылды қайта салған осы – Амандық Баталов.
Президент Алматы облысының атқамiнер­ле­рiн сынап, индустрияландырудың көңiл көншiтпейтiнiн, әлеуметтiк-экономикалық әл-ауқатты жақсарту жұмыстары бәсең екенiн, мемлекеттiк бағдарламалардың орындалмай жатқанын ескерттi.
Президенттен сын естiген бұрынғы әкiм Аңсар Мұсахановтың қайда баратыны әзiрге белгiсiз.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар